Сеулде індеттің белгілері бар мысықтар мен иттерді індетке тестілеу науқаны басталды

Жарияланды
Ирландия тұрғындарға үйлерінен 5 шақырымнан астам қашықтыққа ұзап шығуларына тыйым салды

Ұлыбритания COVID-19 таралу саны бойынша әлемде төртінші орынға шықты: мұнда 4 миллионға жуық адам індетті жұқтырған. Қайтыс болғандар саны бойынша ел бесінші орында – 112 мыңнан астам адам. Британдықтар Еуропадағы ең нашар көрсеткішке ие, ел локдаун режимінде өмір сүруді жалғастыруда, дүкендердің көпшілігі жабық, оқушылар қашақтықтан оқуда, мейрамханаларда және кафелер тек өзімен алып кету режимінде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ирландия Үкіметі бұрын-соңды болмаған қадам жасады, Солтүстік Ирландия тұрғындарына себепсіз кіруге тыйым салды. Ережені бұзушыларға дүйсенбіден бастап 100 еуро айыппұл салынады. Ирландия үкіметі ел аумағында эпидемиологиялық қауіптің бесінші (ең жоғары) деңгейін жариялады және пандемия басталғаннан берігі ең қатаң карантин енгізде. Атап айтқанда, ирландиялықтарға үйлерінен 5 шақырымнан астам қашықтыққа ұзап шығуларына тыйым салынды.

Дүйсенбіден бастап Франция мектептерінің оқушыларына қолдан жасалынған бетперделерді тағуға тыйым салынды. Бұдан былай мектепке тек медициналық маскалармен келуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, Франция билігі барлық саланың қызметкерлеріне асхана мен кафеге бармай-ақ жұмыс орнында түскі ас ішуге мүмкіндік беру үшін еңбек заңнамасын қайта қарауға кірісті.

Австрияда мұражайлар, хайуанаттар бағы мен дүкендер ашыла бастады, бірақ бір уақытта келушілер санына шектеулер енгізілді. Шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысқа қайта оралды, бірақ келушілерден Covid-19 сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама талап етіледі. Бетперде тағу барлық қоғамдық орындарда міндетті болып табылады және бұл бір реттік медициналық бетперделер емес, сүзгісі бар күрделі дизайндағы маскалар болуы керек. Мейрамханалар мен қонақ үйлер әлі де жабық.

Оңтүстік Кореяның астанасында індеттің белгілері бар мысықтар мен иттерді коронавирусқа тестілеу науқаны басталғаны туралы хабарланды. Сеул билігі үй жануарларына адамдарға қойылған ережелердің қолданылуы керек деп санайды: үй жануарларын серуендету кезінде иелері олардың басқа жануарлар арасындағы екі метр қашықтықтың сақталуын қадағалап, тест оң нәтижелі болған жағдайда екі аптаға толығымен оқшаулануы керек.

 

Сондай-ақ оқыңыз