Үндістанның Хайдарабад қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Жарияланды
Еліміздің мәдениеті мен тарихы туралы хинди тіліндегі кітаптар қойылған «Қазақ әдебиеті залын» ашты

Елші Ерлан Әлімбаев үнді мегаполистерінің бірі Хайдарабадта танымал үнді кәсіпкері және меценаты Мир Насир Али Хан басқарған Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде отандық дипломат Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығында және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында Үндістанда Қазақстанның достар шеңберінің кеңейюінің ерекше мәні бар екенін атап өтті.

Е.Әлімбаев Мир Насир Али Хан мырзаның пандемия кезінде Қазақстанның Елшілігіне және азаматтарына үлкен қолдау көрсеткенін атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы Үндістанмен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Елші 1884 жылы негізі қаланған, өңірдегі ең ескі қоғамдық ұйымдардың бірі – «Үндістан низамдар клубы» жанындағы Хайдарабад қаласындағы ең беделді кітапханалардың бірінде Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы ағылшын және хинди тілдеріндегі кітаптар мен баспа басылымдары қойылған «Қазақ әдебиеті залын» ашты.

Осыған орай өткен баспасөз конференциясы барысында Елші жергілікті аудиторияны еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерімен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының үшінші пакетінің негізгі мазмұнымен, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мен нығайтуға қосқан үлкен рөлі мен үлесі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз