AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылды

Жарияланды
12 ақпаннан барлық операциялар тоқтайды

«AsiaCredit Bank банктік және өзге де операцияларды жүргізуге, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге берілген лицензиясынан айырылды.  Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 

Баннтің лицензиясынан айырылуына «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабы 1-тармағының 7), 15) тармақшаларына сәйкес:

•    пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;

•    қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;

•    уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы негіз болған. 

Лицензиядан айырылған күнгі Банк активтерінің мөлшері  45,4 млрд теңге, несие портфелі  –  45,0 млрд теңгені ққрайды.  Соның ішінде банктің несие портфелінің 70,0%-ы немесе 31,6 млрд теңге–  90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Лицензиядан айырылған күні «AsiaCredit Bank» өтімді активтерінің мөлшері 75 млн теңгені құрады, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8,0 млрд теңгеден асады.

«2019 жылғы қазаннан бастап клиенттер қаражатының кетуін өтеу үшін өтімді активтердің жетіспеушілігінен Банк реттеуші белгілеген пруденциялық нормативтерді бұза бастады. Осы кезеңнен бастап Агенттік тарапынан Банкке қатысты Банктің жағдайын жақсартуға бағытталған 14 қадағалап ден қою шарасы қабылданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73 хаттама жасалды» делінген хабарламада. 

2019 жылдың  қазан айында  Ұлттық Банк Банктің жалғыз акционері
қатысты Банкті капиталдандыру жөніндегі талап түрінде мәжбүрлеу шарасын қолданғанымен, ол шара орындалмады. 

2020 жылы ққаржылық жағдайы мәз емес болған соң Агенттік банкті «қаржылық жағдайы  тұрақсыз банктер» санатына жатқызып, Банк пен оның акционерінен  қаржы институтының қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды талап етті.

Осы Жоспарды орындау шеңберінде Банк акционері 15,4 млрд теңге мөлшерінде өтімділікпен қолдауды жүзеге асырды. 2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде ақшалай өтеу және активтерді клиенттік депозиттерді өтеу есебіне беру нәтижесінде Банктің міндеттемелері 21,8 млрд теңгеге азайды

2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы ақпан аралығында Банк акционерінің қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар мекемелер (мектеп мен ауруханалар) және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ алдындағы міндеттемелер толығымен өтелді.Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының мерзімі 2020 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды. Банк және оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайын тұрақтанды алмады. Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамайды. Банктің қосымша провизиялар қалыптастыру үшін қажетті меншікті капитал тапшылығы 19 млрд теңгені құрайды.

«AsiaCredit Bank» АҚ-да 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 23 174 жеке тұлғаның депозиттері бар, олардың жиынтық қалдығы – шамамен 19 млрд теңге. Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 97,7%-ның депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен толық көлемде өтеледі.

Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы №51 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшілік жетекшісі болып Агенттіктің қызметкері Ерлан Сәрсенбекұлы тағайындалды.

2021 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Агенттік Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа белгіленген тәртіппен жүгінеді.

Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап кредиторлардың Банкке талаптары Банкті ұстауға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, тарату ісінде ғана қойылуы мүмкін.

 
Сондай-ақ оқыңыз