Нью-Йорк стадиондары ақпан айында қайта ашылмақ

Жарияланды
Литва билігі карантиндік шектеу шараларын жеңілдетеді

Германияда COVID-19 таралу индикаторы тұрақты түрде төмендеуде – соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда 64,2 індетті жұқтыру жағдайы тіркелді. Ел билігі, эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шаралардың жеңілдетілуі бұл көрсеткіштің 50-ге дейін төмендеген кезініде енгізілуі мүмкін екендігін хабарлауда. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат Telegram каналы хабарлады.

Литва билігі карантиндік шектеу шараларын жеңілдетіп, 15 ақпаннан бастап азық-түліктен басқа заттар сатылатын дүкендерді, шаштараздар мен сұлулық салондарының ашылуына рұқсат етті.

Ақпан айының соңында Нью-Йорк стадиондары қайта ашылмақ – індеттің өршуіне байланысты жабылғандарына бір жылдан астам уақыт өткен. Көрермендердің рұқсат етілген жалпы саны стадионның сыйымдылығының 10 пайызын құрайды.
 
Мексикада коронавирусқа қарсы Қытайдың екі вакцинасы – CanSino Biologics және CoronaVac тіркеуден өтті. Бұрын BioNTech/Pfizer, AstraZeneca және Ресейлік «Спутник V» вакциналары тіркелген болатын.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон елдің 15 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы дозасын алғанын мәлімдеді. 520 мыңға жуық адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдаған.

 

Сондай-ақ оқыңыз