Түркістан кемесіндегі өрттен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ

Жарияланды
Өрт Чилов аралынан 30 миль қашықтықта орын алды

Түркістан кемесіндегі өрт кезінде экипаж зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Говсан портынан (Әзірбайжан) Ақтау портына (Қазақстан) қарай келе жатқан «Түркістан» кемесінде сол жақ бас қозғалтыштың пайдаланылған газ құбыры қаптамасы жанды.

Өрт Әзірбайжан Республикасының аумақтық суларынан тыс, Чилов аралынан 30 миль қашықтықта болды.

10 адамнан (4 Қазақстан азаматы, 6 Ресей азаматы) тұратын экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.
Бортта жүк болмаған.

Өрт көмірқышқылды көлемді өрт сөндірудің стационарлық жүйесі арқылы сөндірілді. Зақымдану салдарынан негізгі қозғалтқыш іске қосылмай қалды. Кеме жолдан шығып қалды. Қатты қирау, корпус тұтастығының бұзылуы болмаған.

9 ақпанда «ЯРЕНГТІҢ» көмегімен кемені сүйреу ұйымдастырылып, 10 ақпанда «Түркістан» кемесі Зира портына (Әзірбайжан) жеткізілді. Тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп, жөнделеді. Қазіргі уақытта кеме айлаққа байланған. Ешқандай қауіп жоқ.

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оқиға орнына комиссия мүшелері жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз