Әлемде індеттен жазылғандар саны 81 миллионнан асты

Жарияланды
Пандемия басталғаннан бері әлемде COVID-19 салдарынан 2 401 124 адам қайтыс болды

Әлемде коронавирус инфекциясынан жазылғандар  саны 81 миллион адамнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Қауіпті инфекцияны жеңгендердің жалпы саны 81000 014 адамды құрады.

АҚШ-та коронавирустық инфекциядан 18 113 831, Үндістанда 10 603 213, Бразилияда 8 678 327, ал Ресейде 3 577 907 адам індетті жеңіп шықты.

Сонымен қатар, бүкіл әлемде COVID-19 диагнозы қойылған 25 419 737 науқас емделуді жалғастыруда.

 

Сондай-ақ оқыңыз