Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша бірыңғай оператор «Отбасы банк» жинақтағы қаражатты алуға қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерді жария етті.
Енгізілген соманы өзгерту
Өзгерістердің бірі – enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы жеке кабинетіңізде мәлімделген БЗТ мөлшерін азайту. Мұны тек ипотекасыз сатып алу мақсатын таңдаған кезінде жасай аласыз және тек өз қаражатыңыз үшін. Ал жақын туыстарыңыз табыстаған қаражат сомасын өзгертуге болмайды.
«Мысалы сіздер БЖЗҚ-дан белгілі бір сомаға тапсырыс беріп, кейін арзанырақ пәтер таптыңыз. Егер сатып алу-сату шартына сәйкес сатушыға БЗТ есебінен төленетін сома сіздің арнайы шотыңыздағы қаражаттан аз болса, онда құжаттарды (сатып алу-сату шарты және тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтама) жүктеу кезінде сіз «шарт бойынша сома» жолына сатып алу-сату шартындағы нақты сомасын жазып, соманы өзгерте аласыз» делінген банк мәлімдемесінде.
Мәселен, сіздің арнайы шотыңызда 7 миллион және туысыңыз табыстаған 5 миллион қаражат бар делік. Пәтер 10 миллион тұрады. 4 млн теңгені сіз сатушыға қолма-қол ақшамен төледіңіз, ал 6 млн БЗТ есебінен төлеуді жоспарлап отырсыз және бұл шартта жазылған.
Шарт бойынша сома бөліміне 6 000 000 санын енгізу және «соманы өзгерту» батырмасын басу қажет.
⠀
Сіздің арнайы шотыңызда 1 млн өз қаражатыңыз және туысыңыз табыстаған 5 млн теңге қаражат қалады.
⠀
Есте сақтау керек:
1. Шарттың бүкіл сомасын емес, сатушыға аударылатын соманы көрсетіңіз;
2. Сіздің арнайы шотыңыздағы қаражаттан жоғары соманы көрсету мүмкін емес;
3. Туыстар табыстаған қаражат сомасын өзгертуге болмайды.
⠀
Жаңа мүмкіндік сіздерге баспананы ипотекасыз толық сатып алу кезінде нақты соманы енгізуге мүмкіндік береді және егер өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді екінші рет пайдалануды жоспарлаған болсаңыз, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару үшін 45 күнді күтпеуге көмектеседі.
⠀
Несиені мерзімінен бұрын өтеу
Егер БЗТ-ны ипотекалық несиеңізді мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге пайдаланғыңыз келсе, келесі факторларға назар аудару керек:
БЗТ пайдалана отырып, несиені мерзімінен бұрын өтегеніңіз үшін «Отбасы Банк» ешқандай айыппұл салмайды.
Басқа банкетер: егер сіздің банктік қарыз келісім шартына (бұдан әрі – БҚК) 2016 жылғы 01 шілдеден кейін қол қойылса және қарыз алған сәттен бастап 1 жылдан астам уақыт өтсе, бірде-бір банк сізден мерзімінен бұрын өтегеніңіз үшін пения немесе айыппұл салуға құқығы жоқ. Басқа жағдайдағы шарттар БҚК-да көрсетілуі керек.
⠀
ЖАҢА ТӨЛЕМ КЕСТЕСІ
⠀
Несиені ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде стандартты жағдайда несиенің мерзімі өзгермейді, бірақ ай сайынғы төлем азайып жаңа төлем кестесі беріледі.
⠀
Зейнетақы жинақтарыңызды қолданып, ипотекасыз баспана сатып алу мақсатын таңдаған болсаңыз және арнайы шотыңызға БЗТ түскен болса:
45 күннің ішінде сатушымен бірге халыққа қызмет көрсету орталығына немесе нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:
- Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.
- Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус).
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz – арқылы алуға болады).
1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек.
Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF-ке тегін ауыстыра аласыз.
Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.
Жақын туысқа қаражат беру
Жақын туыстарының табыстаған қаражаттын қолданушыларға тағы да бір жақсы жаңалық бар. Сіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңіз арнайы шоттарыңызға түскеннен кейін жақын туысыңыз өз жинақтарын сізге табыстауды шешті ме? Немесе қаражат бір уақытта түсті ме?
Енді ТАБЫСТАУШЫ тараптың да және ҚАБЫЛДАУШЫ тараптың да ақшалары арнайы шоттарына түскеннен кейін де қаражаттарды біріктіріп қолдануға болады.
Егер қаражат сізге табысталатын болса, онлайн-платформасындағы жеке кабинетке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
• «Келісемін» пернесін басып, қаражатты қабылдаңыз;
• Табыстау туралы келісімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
• «Менің өтініштерім» бөліміне кіріңіз;
• «Менің өтініштерім» бөліміне кіреді;
• Жақын туысыңыздың қаражатын қоса қолданғыңыз келетін өтінімді таңдаңыз.
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан «Туыстардың қаражатын пайдалану» деп аталатын блокты таңдап, туысыңыздың аты-жөні көрсетілген ұяшықта – белгісін қойыңыз;
Деректемелерді енгізіңіз немесе банкті таңдаңыз;
Құжаттарды таңдалған мақсаты бойынша жүктеңіз;
«Қолдану» пернесін басыңыз.
Бұдан кейін, сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде туысқаныңыздың табыстаған қаражатын көресіз және қажетті мақсат бойынша «ӨТІНІМДІ ЖОЛДАУ» батырмасын басып, қолдана аласыз.
Онлайн-платформа іске қосылғаннан бастап қазірге дейін 11 780 қазақстандық БЗТ-ны пайдалану арқылы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартқан.