ДДҰ індетпен ауырғандарға да вакцина егуді ұсынды

Жарияланды
Вакцина иммундық реакцияны күшейтінің атап өтті

COVID-19-мен ауырғандарға коронавирусқа қарсы вакцина егу керек, деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

  «Вакцинаны сіз бұрын жұқтырған болсаңыз да, жұқтырмасаңыз да алуға кеңес береміз», – деді ол ДДҰ-ның YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ресми шенеунік ауруға шалдыққандардың көпшілігінде иммунитет дамитынын, бірақ олардың кейбірінің күші жеткіліксіз екенін атап өтті. Бірінші кезекте инфекцияның асимптоматикалық тасымалдаушылары туралы айтылады, сондықтан ДДҰ вакцинациялауды ұсынады, деп атап өтті Сваминатан.

 «Оң жағынан иммундық жүйе бірдей антиген мен ақуызды таниды», – деп қосты ол.

Бұл дегеніміз, егер науқаста инфекция болған болса, вакцина иммундық реакцияны күшейтеді. ДДҰ өкілі атап өткендей, тек ересектерге вакцина егуге болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз