Ұлыбританияда ковид-отельдер жұмыс істей бастады
Жарияланды
Қонақ үйде он күн болу мен тестілеуден өту құны 1 750 фунтты құрайды
Ұлыбританияда «ковид-отельдер» жұмыс істей бастады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Коронавирус бойынша ең қауіпті «қызыл тізімге» енген 33 елден Англияға келетін адамдар сол жерде карантиннен өтуі керек. Қазірдің өзінде аталған қонақ үйлерге алғашқы қонақтар қоныс аударып үлгерген.
Қонақ үйде он күн болу мен тестілеуден өту құны 1 750 фунтты құрайды.