АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында соққан торнадо үш адамның өмірін қиды

Жарияланды
Он адам жараланды

АҚШ-тың шығысындағы Солтүстік Каролина штатына соққан торнадо үш адамның өмірін қиды, кем дегенде 10 адам жараланды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Торнадо теңіз жағалауындағы Брансувик округіне үлкен зиян келтірді.

Жергілікті билік аймақтағы көптеген үйлердің қирап, су басқанын хабарлады. 

Брансувикте құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.
 

Сондай-ақ оқыңыз