Қазақстандықтар 423 миллиард теңгені тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады

Жарияланды
127 357 салымшының өтініші келіп түсті

Қазақстандықтар 423 миллиард теңгеден астам қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

2021 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті.

78 074 өтініш орындалды және салымшылар уәкілетті операторларда ашылған өздерінің арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түрінде шамамен 423,7 млрд теңге алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңге.

45,3 млрд теңгеден астам сомаға тағы 8 636 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 40,6 мыңнан астам өтінім қабылданбады.

Республика бойынша өтініштердің ең көп саны (19,8%) Алматы қаласында қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан шамамен 16,2% қабылданды. Үшінші белсенді өңір Маңғыстау облысы болып табылады, онда республика бойынша жалпы өтініш санының 15,4% қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз