Ішінде ақша бар садақа жәшігін бос жәшікке ауыстырып кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласы базарлардың бірінің орналасқан ет қатарында, кассасына қойылған қайырымдылық қорының садақа жәшігін белгісіз адам аляқтық жолмен ауыстырып кетіп, ақшасы бар жәшікті алып, орнына бос жәшік қойып кеткен.
Ұсақ мөлшерде материалдық шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының №23 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті адамды анықтап, полицияға жеткізді.