Қызылордалық алаяқ жәбірленушіден 650 мың теңге ақша алған

Жарияланды
Ол жас қызды жұмысқа тұрғызбақ болған

Қызылордада «жұмысқа тұрғызамын» деген желеумен жәбірленушіден 650 мың теңге алған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада белгісіз әйел 23 жастағы бойжеткеннің сеніміне кіріп, жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 650 мың теңге көлеміндегі ақшасын алған.

Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз