Жаңалықтар

Әлемде індетті жұқтырғандар саны 110 миллионнан асты

АҚШ-та COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 28 миллионнан асты

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) жаңа түрінің расталған жағдайларының саны әлем бойынша 110 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometers веб-сайтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырған адамдар саны 110 035 727-ге жетті.

COVID-19 салдарынан әлемде 2 429 822 адам қайтыс болды. Жазылғандар саны- 84 865 062-ге жетті. 22 741 402 адамды емдеуді жалғасуда.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген – 28 381 220.

АҚШ-тан басқа, Үндістан (10 937 320), Бразилия (9 921 981), Ресей (4 099 323), Ұлыбритания (4 058 468), Франция (3 489 129), Испания (3 096 343), Италия (2 739 591), Түркия (2 602 034), Германия (2 352 766).