Инвестиция

Тұтынушылардан түскен шағым 3,5 есе өскен

Былтыр ел тұрғындары 20 919 шағым түсіріпті

Былтыр тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне ел тұрындарынан 20 919 шағым түскен. Бұл  көрсеткіш 2019 жылмен салыстығанда, 3,5 есе көп. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті осындай дерек келтіреді.  

 Комитет Төрағасы Асқар Тынысбековты айтуынша, тұтынушылар тарапынан түскен шағымның  80%-ы – салалық органдар құзыретіне тікелей қатысты. 

 Өтініштерді талдау негізінде көлік, бөлшек сауда, тұрмыстық және туристік қызмет салаларында түрлі түйткіл көп екені анықталған. Электронды сауда, байланыс қызметі, ТКШ, қоғамдық тамақтану саласына да шағым көп.

Тұтынушылар көбінесе сапасыз тауар мен қызметке кеткен қаражаттың қайтарылмауы, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, сатып алушыға өнім туралы толық ақпарат берілмегеніне шағымданған. 

 Комитетке келіп түскен шағымдардың 7 мыңнан астамы қанағаттандырылып, 9 мыңыға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде тұтынушыларға 249 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған.

«Соның ішінде комитет талап-арызының арқасында сот «Бек Эйр» әуе компаниясын тұтынушылардың  қаражатын қайтаруды міндеттеді. Сотқа барлығы 5 талап-арыз беріп, комитет 1740 адамның мүддесін қорғап отыр. Талап-арыз  жалпы сомасы –106,7 млн.теңге» деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Комитет басшысының айтуынша, былтыр тұтынушы құқығын қорғау саласында шағым беруден бастап,  шығынын өтеуге дейінгі  бірыңғай, қысқа және халыққа түсінікті қорғау жүйесін құруға баса назар аударылған.

2020 жылғы 25 маусымда «Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау туралы» Заңға алғашқы түзетулер топтамасы қабылданды. Бұл маңызды қадам тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы механизмін (сатушы-мемлекеттік органдар – сот) іске қосуға, «мемлекеттік» және «қоғамдық» бақылау енгізуге, кәсіби білікті мамандар қатарынан құқық қорғаушылар тізімін қалыптастыруға  ықпал етті. Тұтынушылар проблемаласын қарау мәртебесі Үкімет жанындағы Ведомствоаралық кеңеске дейін көтерілді. Тұтынушы шағымын қабылдайтын бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілді.

Асқар Тынысбеков алдағы 2021 жылға арналған міндеттерді де атап өтті. Ең бірінші – мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, бұл барлық салаларда тұтынушы құқығы бұзылуының алғашқы себептерін кешенді түрде  жоюға мүмкіндік береді.

 Кәсіпкерлер арасында арасында бірыңғай ақпараттық жүйені танымал ету де – басты міндеттің бірі. e-tutynushy.kz  аталатын платформаны тұтынушы да, кәсіпкерлерге де  қолдана алады.