Қаржылық сауаттылық тікелей азаматтардың әл-ауқатымен және экономиканың тұрақтылығымен байланысты. Қазақстандықтардың басым бөлігіне жеке қаржы мен бюджетті басқару туралы ақпаратты берумен қатар түрлі банктік және кредит құралдарын түсініп, дұрыс пайдалану мүмкіндігін ұсыну үшін Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және Moneyman МҚҰ) қазақ тілінде қаржылық сауаттылық бойынша арнайы жобаны іске қосты.
Өткен жылы «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Осылайша Қазақстан халқының қаржылық біліміне бағытталған бағдарламалар тек қана жеке бастамалар түрінде емес, енді мемлекет деңгейінде жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және Moneyman МҚҰ) республикамыздың барлық өңірлерінде қаржылық сауаттылық бойынша жобаларды белсенді түрде дамытумен айналысады. Осы бағытты ары қарай дамыту, сонымен бірге кең ауқымды аудитория арасында ақпаратты тарату мақсатында компания 2021 жылдың ақпан айында қазақ тілінде өтетін «Жеке қаржы» практикумын іске қосады.
«Өткен жылдың нәтижелеріне сүйенсек, көптеген қазақстандықтар үшін қаржылық сауаттылық деңгейі, өкінішке орай, төмен деңгейде болған. Бұл ретте біз қазақ тіліндегі қаржылық құралдар туралы ақпараттың тапшылығын байқадық. Осыған байланысты IDF Eurasia тобы біздің қазақ тілін меңгерген тыңдаушыларымызға қазақ тіліндегі қаржылық сауаттылық бойынша арнайы жобаларды іске асыру туралы шешім қабылдады», – деді өз кезегінде Қазақстандағы IDF Eurasia тобының операциялық директоры Далида Давлятшина.
Жоба #1 Қаржылық сауаттылық мектеппен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Лектор ретінде бізбен тәжірибелі қаржыгер, бизнес жаттықтырушы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатталған жаттықтырушы, қаржылық сауаттылық мектебінің директоры Ақжүніс Брасилова жұмыс істейді.
«Карантин кезінде көптеген қазақстандықтар қаржылық қиыншылықтарға тап болды. Соның салдарынан қаржылық сауаттылық сұрағына, оның ішінде кредиттеу мен жеке қаражатты басқару мәселесіне көңіл бөліне бастады. IDF Eurasia тобымен бірлесе отырып ұйымдастырылатын «Жеке қаржы» бағдарламасы арқылы біз қазақстандықтардың қаржылық жағдайын жақсартуға, сонымен бірге жеке бюджетті дұрыс пайдалану бойынша білімін кеңейтуге септігіміздің тиетініне кәміл сенемін», – деді #1 Қаржылық сауаттылық мектебінің директоры Ақжүніс Брасилова ханым.
Практикум онлайн нысанда 2021 жылғы 22-24 ақпанда өтеді. Үшкүндік бағдарлама шеңберінде қаржылық сауаттылықтың негіздері, жеке және отбасы бюджетіне қатысты сұрақтар, кредиттеу мен банктік, сақтандыру және қор нарықтарына инвестиция салу секілді тақырыптар кеңінен талқыланады.
Серіктестік материалы