Маск тағы да Безосты басып озды
Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск кезекті рет Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанды, деп хабарлайды Bloomberg.
Агенттіктің хабарлауынша, Масктың байлығы 200 миллиард долларға, ал Безостың байлығы – 194 миллиард долларға бағаланды. Сөйтіп, ол қайтадан екінші орынға түсіп кетті.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Илон Масктың SpaceX компаниясы өткен аптада 850 миллион доллар көлемінде қаражат жинаудың кезекті кезеңін аяқтады. Компанияның бағасы 74 миллиард долларға дейін өсті, өткен жылдың тамыз айында ол 46 миллиард долларға бағаланды.
Amazon компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джефф Безос 17 ақпанда SpaceX жасаушысын айналып өтіп, екі күн бойы әлемдегі ең бай адам атағына ие болды.
Масктың байлығының 2020 жылы жылдам өсуінің басты себебі Tesla капитализациясы артқан. 2020 жылдың басында ол 100 миллиард доллардан аз болса, ал қазір 760 миллиард доллардан асты.