NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін көрсетті

Жарияланды
Суреттерді Mars Rover зерттеу аппараты түсірген

NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады. Бұл туралы Риа Новости хабарлады. 

Кадрлардың бірінде Қызыл планетаның беті түсірілген болса, ал екіншісінде оның пейзажын көруге болады.  Үшінші кадрда қонып бара жатқан ровердің өзі.

Суреттердің барлығын Марсқа қонған NASA’s Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген болатын. Perseverance құрылғысы Марста Езеро (Jezero) маңына қонды. 

Сондай-ақ оқыңыз