Джакартадағы су тасқыны кезінде 5 адам қайтыс болды
Жарияланды
Қайтыс болғандардың арасында төртеуі- балалар
Индонезия астанасында муссон жаңбырлары салдарынан болған су тасқыны бес адамның өмірін қиды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Джакартадағы апаттарды басқару агенттігінің басшысы Сабдо Курнианто су тасқынынан барлығы 1722 адам зардап шеккенін айтты.
Зардап шеккендер қауіпсіз аймаққа көшіріліп, оларға қажетті көмек көрсетіледі.
Муссондар тудырған жаңбыр Индонезияда бірнеше күн бойы тоқтаған жоқ. Олар Джакартаның оңтүстік кварталдары мен мегаполистің бірнеше шығыс аудандарында су тасқынын тудырып, 1380 адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.
Индонезияда муссон жаңбырлары жыл сайын қазан-сәуір айлары аралығында болып, тасқын мен көшкінді тудырады.