Израильде «жасыл паспорт» деп аталатын құжат айналымға енгізілді

Жарияланды
Оны індетке қарсы екпе алған немесе індеттен жазылып шыққан азаматтар ала алады

Дүниежүзілік медицина қауымдастығының (WMA) төрағасы Франк Ульрих Монтгомери, Германиядағы шектеу шараларын жеңілдетпеуді ескертті.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 «Кімде-кім коронавирустық инфекцияның таралу индексінің (R) жоғарлауы кезінде шектеу шараларын жеңілдету туралы айтқан адам мүлдем жауапсыздық танытқан», – деп мәлімдеді Монтгомери.

Естеріңізге сала кетейік, Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізілген. Бірақ оған қарамастан, Берлинде 21 ақпанға қараған түні 30 адамның қатысуымен ұйымдастырылыған заңсыз сауық кешінің өткені анықталды. Іс-шара қараусыз қалған өнеркәсіптік ғимараттың аумағында жүргізілген.

Парижде, жергілікті құқық қорғау органдары қатаң шектеу шаралырына қарамастан 200-ге жуық адамның қатысуымен ұйымдастырылыған жасырын сауық кешін әшкерлеген. Полиция қызметкерлері он адамды қамауға алып, айыппұл төлеуді көздейтін 59 хаттама жазған.

Мадридте жасырын сауық кешінің қатысушылары карантиндік шектеулерді бұзушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізген полиция қызметкерлерінен жасырынуға тырысып, матрас пен шкафтың астына тығылған. Тек Испания астанасында, өткен демалыс күндері 227 сауық кеші өткені анықталған. «Тұрғындар локдаунды сақтамаған, ғимарат ішінде бетперде қолданбаған және қауіпсіздік шараларын ұстанбаған», – деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Израильде «жасыл паспорт» деп аталатын құжат айналымға енгізілді, оны коронавирусқа қарсы екпе алған немесе індеттен жазылып шыққан азаматтар ала алады. Аталған куәлік иелері фитнес-студияларға, спорттық іс-шараларға қатысуға, қонақ үйлерге тоқтап, театр мен киноға баруға рұқсат етіледі. Израильдің Денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштайн, бұл артықшылықтарды елдің 3,2 миллионнан астам азаматы бірден пайдалана алатынын мәлімдеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз