Қарағанды қаласының тұрғыны сауда үйлерінің бірінде манекенде ілулі тұрған тондарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ұрлық жасаған азамат манекенде ілулі тұрған екі тонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады.
Күдікті ұрлаған заттарын сатып үлгерген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.