Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды агенттік баспасөз қызметі.
Тергеу барысында қала әкімдігінің тауарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болган.
Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд теңгеден асады. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болар еді.
«Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)», деліген хабрламада.
ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді.