Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда құс тұмауының 100-ден астам ошақтары анықталды

Елде 28,6 миллионнан астам құс жойылды

Оңтүстік Корея аумағында құс тұмауының 100-ден астам ошақтары анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Yonhap  сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Ауыл шаруашылығы министрлігі Сеулдің оңтүстігіндегі Инчхондағы тауық фермасында құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, осы уақытқа дейін 28,6 миллионнан астам құс жойылды. 

Осыған байланысты Оңтүстік Кореяда тауық жұмыртқасы бағасының өсуі тіркелген. Жылдық негізде олар 48,1 пайызға өсті. Сонымен қатар, тауық етінің бағасы тұрақталып, тек 9,2 пайызға өсті.