Полиглот министрлер кімдер?
Қазақстандағы 18 министрдің басым бөлігі бірнеше тіл біледі. Қазақ және орыс тілімен қоса, ағылшын, қытай және кәріс тілін меңгергендер бар. 18 министрдің ішінде жетеуі ағылшын тілін білмесе, мемлекеттік лауазымды қызметте отырса да, мемлекеттік тілді білмейтін басшы да бар екен.
Ranking.kz жасаған рейтингтің ең басында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тұр. Мұхтар Бескенұлы 5 тіл біледі екен: қазақ, орыс, ағылшын, кәріс және жапон. Нұрлан Байұзақұлы да бес тілде сөйлейді. Қорғаныс министрі қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілін меңгерген.
Министрлердің арасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин, Энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ирғалиев және экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 4 тіл біледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Әділем министрі Марат Бекетаев, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі екен.
18 министрдің ішінде жетеуі ағылшын тілін білмесе, тек ресми тілде сөйлейтін бір минстр бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тек орыс тілін меңгерген.
Ағылшын тілін білмейтін министрлер арасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаева және қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев бар.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Министрлер кабинетіне жас та жаңа министрлер қосылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып Серік Шапкенов тағайындалса, ұлттық экономика тізгіні Әсет Ерғалиевке сеніп тапсырылды.
Министрлердің бәрі дерлік екі-үш мамандық бойынша жоғары білім алған. Үкіметте экономист, инженер, қаржыгер, заңгер, философтар мен педагогтар жұмыс істейді.
Айта кетейік, 10 қаңтарда елімізде Парламет мәжілісі депутаттарын сайлау өтті. Содан кейін заң бойынша ел үкіметі отставкаға кетті.
Сол күні бұған дейін премьер-министр қызметін атқарған Асқар Мамин қайтадан үкіметбасы болып тағайындалды.