Алексей Навальный колонияға ауыстырылды, деді журналистерге ФСИН директоры Александр Калашников.Бұл туралы РИА Новости хабарлалы.
«Сот шешімімен ол қазір болу керек жеріне ауыстырылды. Барлығы заң мен қолданыстағы заңнама аясында жасалды», – деді ол.
Калашников блогердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатердің болмауына кепілдік беретінін баса айтты.
Директордың айтуынша, егер Навальный қаласа, ол қандай да бір өндірісте жұмыс істей алады.
«Режим, қадағалау және бақылау оған жүз пайыз қамтамасыз етіледі, ал сот оған нұсқау берген жағдайда қалыпты өмір сүреді», – деп қорытындылады Калашников.
Сонымен бірге Навальныйға үй қамауында болған уақыт есептелді, жалпы алғанда ол колонияда екі жарым жыл өткізуі керек.