Қырғыстанда 1940-1945 жылдар аралығында туылған ардагерлерге жәрдемақы беріледі

Жарияланды
Жәрдемақыны 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлеу ұсынылды

1940 жылдан 1945 жылғы 9 мамырға дейін Қырғыз КСР аумағында дүниеге келген Қырғызстан азаматтары айына 2 мың сом алады. Құжат жобасын коммунистердің бастамашыл тобы дайындады. Құжат парламентке үкіметтің оң шешімімен жіберілді. Бұл туралы 24kg сайты хабарлады.

Төлем мөлшері 2 мың сом деп көрсетілген. Негіздемелік куәлікте бұл азаматтардың ең осал санаты екендігі айтылған. Олардың туылуы мен балалық шағы ауыр соғыста және соғыстан кейінгі жылдарда болды. Бірақ олар мемлекеттен ешқандай төлем алған жоқ.

Жәрдемақыларды 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлеу ұсынылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз