Пашинянның қарсыластары үкімет үйіне баса көктеп кірді

Жарияланды
Олар Премьер-министрдің отставкасын талап етті

Армения премьер-министрі Никол Пашинянға қарсыластар тобы Ереван орталығындағы үкімет ғимаратына баса көктеп кірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Пашинянның бір топ қарсыласы Ереван орталығында бірнеше министрлік орналасқан үкімет ғимаратына басып кірді.  Олар оның отставкаға кетуін талап еткен ұрандар айтып, олар ғимараттан шығып кетті.

 «Біз өз акцияны аяқтап жатырмыз. Біздің мақсат кез келген министрлікке кіре алатынымызды көрсету болды», – деді қатысушылардың бірі.

Пашинянның ресейлік «Искандерлер» туралы сөзінен кейін Ереванда тағы бір саяси дағдарыс өршіген болатын. 

Армения бас штабы бастығының орынбасары премьер-министрді мазақ еткені үшін қызметінен босатылған, кейін бас штаб бастығына да отставкаға кетуге ұсынылған.

 

Сондай-ақ оқыңыз