Таиландта халықты індетке қарсы вакциналау басталды

Жарияланды
Вакцинаны бірінші болып премьер-министрдің орынбасары салдырды

Таиландта коронавирусқа қарсы  вакциналау науқаны басталды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

 Қытайлық «Синовак» компаниясының вакцинасын бірінші болып премьер-министрдің орынбасары салдырды.

  Ең алдымен екпе медицина саласының қызметкерлеріне салынады. Халықты вакциналау маусым айында бастау көзделіп отыр. 

  «Вакциналау халықты Ковид-19 дертінен қорғайды деген үміттемін. Бұл тұрмысымызды тез арада қалпына келтіруге жол ашады» -деп хабарлады Таиланд премьер-министрінің орынбасары Анутин Чарнвиракул.

 

Сондай-ақ оқыңыз