Таиландта коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
Қытайлық «Синовак» компаниясының вакцинасын бірінші болып премьер-министрдің орынбасары салдырды.
Ең алдымен екпе медицина саласының қызметкерлеріне салынады. Халықты вакциналау маусым айында бастау көзделіп отыр.
«Вакциналау халықты Ковид-19 дертінен қорғайды деген үміттемін. Бұл тұрмысымызды тез арада қалпына келтіруге жол ашады» -деп хабарлады Таиланд премьер-министрінің орынбасары Анутин Чарнвиракул.