Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады
Жарияланды
16 наурыздан бастап
2021 жылғы 16 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.
Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.