“WhatsApp” мессенджері арқылы пирамида құрған алаяқ анықталды

Жарияланды
Ол 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам шығын келтірген

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан бейтаныс әйелдің интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын заңсыз иемденгені туралы арыз келіп түсті. 

Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынының ақша табу мақсатында 2020 жылы «WhatsApp» мессенджері арқылы  пирамида құрғаны анықталды. Оның құрбандарының қатарында  Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларының тұрғындары болған. 20-ға жуық жәбірленушіге жалпы сомасы 70 млн. теңгеге залал келтірілген. Аталған әйел өз кінәсін мойындады.
 

Сондай-ақ оқыңыз