Жаңалықтар

Ханзада Гарридің әйелі британдық корольдік отбасын нәсілшілдікке айыптады

Бұл актрисаның анасының қара нәсілді болуына байланысты

Калифорнияда тұратын ханзада Гарри мен оның әйелі, актриса Меган Маркл американдық жүргізуші Опра Уинфриге сұхбат берді. Бұл туралы interfax.ru ВВС-ге сілтеме жасап хабарлады.

ВВС-дің хабарлауынша, сұхбат барысында ерлі-зайыптылар британдық корольдік отбасында нәсілшілдікпен бетпе-бет келгендерін айтқан.

Атап айтқанда, Маркл отбасы мүшелерінің бірі  іштегі баласының терісі қаншалықты қара болатынын сұрады деп мәлімдеді. Сұрақ Марклдың анасының қара нәсілді болуына  байланысты туындады.
Меган бұл сұрақты нақты кім қойғанын айтудан бас тартты.

Актриса олардың ұлы Арчидің атақ алмағанын атап өтті. Бірақ бұл атақ оған маңызды емес деп сендірді. Ол тек баланың қорғаныспен қамтамасыз етілуін қалайды.

Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар салтанатты рәсімге үш күн қалғанда үйленгендерін мәлімдеді. Гарри мен Меган Кентербери архиепископын шақырып,  одақ құрған.

Сондай-ақ, Маркл сұхбатында «өзін-өзі өлтіру» туралы ойлар болғанын және бұдан әрі өмір сүргісі келмегенің айтты. Актрисаның айтуынша, ол корольдік отбасындағы өмірдің шектеулеріне байланысты өзін жалғыз сезінді.

Актриса сонымен бірге британдық корольдік отбасы туралы ештеңе білмейтіндігін және көптеген талаптар оған тосын болғанын айтты. Оның айтуынша, ол ханзада Гарридің айтқанын ғана білетін, өзі бұл мәселе бойынша ештеңе оқып, зерттемеген.

Ханзада Гарри өзінің патшайым Елизавета II-мен өте жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Ал әкесі Чарльзмен қарым-қатынасы жақсы емес екенін, бірақ олардың жақсарғанын қалайтынын айтты.
Сонымен қатар, ағасы ханзада  Уильям туралы ол «біздің  жолымыз бөлек» деді.