Зейнетақы қорынан зейнет жасына толған адамдар төлемдерін алуға құқылы

Жарияланды
Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады

Қор жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 60  жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ–дан) тағайындауға арналған өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚО) бөлімшелеріне, ал бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып тағайындалуына байланысты төлем үшін өтініштер БЖЗҚ бөлімшелеріне беріледі.

Сонымен қатар, құжаттарды ХҚКО-ға өтінішпен бірге зейнетақы алу құқығы басталғанға дейін 10 күн бұрын (яғни алушы зейнеткерлік жасқа жеткен күні) беруге болады.

Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ, бюджеттен зейнетақымен бір мезгілде зейнетақы жинақтарынан төлемдер түсетін банк шоты туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
 

Сондай-ақ оқыңыз