Зейнетақы шотында қанша жинақ бар екенін қалай тексеруге болады?
Сіздің жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше жолмен білуге болады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның Telegram каналы хабарлады.
БЖЗҚ сайтында (www.enpf.kz) Жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен немесе ЖСН мен құпиясөзді пайдалана отырып кіру арқылы;
БЖЗҚ ұялы қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп, жүйеге кіру арқылы;
Жеке кабинет пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшін ақпараттандыру тәсілі ретінде «Интернетті» таңдау қажет. Егер Сіз хабарлау тәсілін «Интернет арқылы» деп таңдамаған болсаңыз, оны ЭЦҚ көмегімен «Жеке кабинетте» өзгертіңіз немесе хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімді «БЖЗҚ» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету кеңсесіне барып жасай аласыз.
БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесі арқылы, бірақ карантин уақытында қызмет алуға алдын ала жазылу керектігін ескертеміз. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық қызмет көрсету» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» баннерін басып, филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өзіңіз таңдай аласыз;
Үзінді көшірмені пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) немесе электрондық пошта мекенжайына алу арқылы. Ол үшін ақпараттандырудың қажетті әдісін Қордың бөлімшесіне бір рет барып таңдау қажет;
Электрондық үкімет порталында egov.kz «Жеке кабинетке» ЭЦҚ арқылы немесе салымшының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-парольді қолдану арқылы кіріп, қажетті қызметті таңдап алу. Порталда «Зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мәзірін таңдауға кеңес береміз.
Электрондық үкімет порталында ЭЦҚ-ны онлайн режимінде алу мүмкіндігі бар