Алматыда ұшақ құлады

Жарияланды
Төрт адам қаза тапты

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды.

Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған»,- деді әуежайдан.  

Төрт адам қаза тапқан, екеуі зардап шеккен. Оларды Іле аудандық ауруханасына жіберді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.

 

Сондай-ақ оқыңыз