Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды.
Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған»,- деді әуежайдан.
Төрт адам қаза тапқан, екеуі зардап шеккен. Оларды Іле аудандық ауруханасына жіберді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.