Жаңалықтар

Әлемде індетті жұқтырғандар саны 120 миллионнан асты

Коронавирустың салдарынан дүние жүзінде 2 659 836 адам көз жұмды

Коронавирустық жаңа инфекциямен (COVID-19) инфекцияның расталған жағдайларының саны әлем бойынша 120 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometers веб-сайтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырған жағдайлар саны 120 057 631-ге жетті.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген – 30 043 662.

Төменде коронавирусты әлемде ең көп жұқтырған елдердің тізімі келтірілген:

Үндістан – 11 439 250, Бразилия – 11 359 048, Ресей – 4 380 525, Ұлыбритания – 4 253 820, Франция – 4 045 319, Италия – 3 201 838, Испания – 3 183 704, Түркия – 2 866 012, Германия – 2 569 850, Колумбия – 2 299 082, Аргентина – 2 192 025, Мексика – 2 163 875, Польша – 1 889 360, Иран – 1 739 360, Оңтүстік Африка Республикасы – 1 528 414, Украина – 1 451 744, Индонезия – 1 414 741, Перу – 1 407 963, Чехия – 1 392 108 және Нидерланды – 1 151 218.

Барлығы COVID-19 салдарынан әлемде 2 659 836 адам қайтыс болды. Қауіпті инфекциядан 96 589 356 адам жазылды.