Жаңалықтар

Алматы-Бішкек жолы 2021 жылы қайта жаңартылады

96 шақырымдық жоба үш бөлімге бөлінген

Алдағы құрылыс маусымында жолшылар реконструкциялау учаскелерінің бірқатарында қозғалысты ашуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Ұзынағаш – Отар» тас жолының 63-101 км учаскесі бар. Аталған тас жол «Алматы – Бішкек» халықаралық көлік дәлізінің бөлігі болып табылады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұзындығы 96 шақырым болатын бүткіл жол жобасы Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан 3 учаскеге бөлінген.

63-101 км учаскесінде мердігер ұйым «Казахдорстрой» ЖШС негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізген. Шаралар толықтай биыл тәмәмдалады деп көзделіп отыр. Ал 101-143 шақырымдағы реконструкциялау учаскесіндегі жаңа мердігерді анықтау үшін тендер өткізіледі деп күтілуде. Үшінші учаскені жаңарту былтыр аяқталған болатын. 143-159 шақырымдағы жол учаскесінде қозғалыс толықтай ашылды. Осылайша, 2021 жылдың аяғына дейін пайдаланушылар тас жолдың жаңартылған 58 шақырымымен жүре алады.

Жоба толығымен аяқталған соң, «Ұзынағаш – Отар» автожолы 4 жолақты, 1 категорияға сәйкес келетін болады. Бұл жолдағы уақытты едәуір қысқартып, екі ел арасындағы көлік ағынының кеңеюіне ықпал етеді.