Кредиттер: пайдалану қағидалары

Жарияланды
Кредит емес, бөліп төлеудің пайдасы қандай?

Көп елдердің азаматтары меншікті қаражаты жетпеген кезде қаржы ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде елдегі кредиттеу жылдан жылға өсуде. Мұның жақсы немесе жаман екенін, қашан кредит алуға болатынын, ал кредитті алмай-ақ қоюға болатынын әркім өзі шешеді.Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Алайда, жалпы ұсынымдар бар, оларды басшылыққа ала отырып одан әрі жағымсыз салдарларды болдырмауға болады. Тіпті шағын кредит болса да, – бұл қаржылық міндеттеме, ол өмір сүру сапасына әсер етпей қоймайды.

Өз мүмкіндігіңізді бағалаңыз

Пандемия Қазақстанның әрбір азаматының әдеттегі өмір сүру тәртібіне өз түзетулерін енгізді. Онлайн режимде жұмыс істеу және оқу заманауи техниканы сатып алуға не ауыстыруға мәжбүрлейді. Сондықтан, дербес компьютер немесе ноутбук, смартфон және басқа техника сатып алу, сондай-ақ үйде жұмыс істеу және оқу үшін қолайлы жағдай жасау – халықтың көпшілігі үшін маңызды мәселе. Егер техникалық құрал сатып алуға ақша жетпесе, – бұл проблеманы кредиттің көмегімен шешуге болады, әсіресе, егер бұл өте қажет болса.

Бірақ мұның басқа да маңызды қыры бар, ол – қажеттілік ниеттің өсуіне алып келеді. Бұған сатушылардың, және сол сияқты банктердің әр түрлі маркетингтік тәсілдері себепші болады.
Әрине, бар жақсылықты сатып алу – кез келген адамның табиғи қалауы, бірақ сіз өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді мұқият бағалап, кез келген кредит қарызға алынған ақша екенін білуіңіз керек. Сізге болашақ кірістеріңізден, тіпті пайыздармен төлеуге тура келеді. Болашақ кірістің төмендеуі алдағы айларда, тіпті алдағы жылдары өмір сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Кредиттің талаптары – таңдаудың маңызды өлшемшарттары

Әр банкте кредиттеу талаптары ерекше болады. Сол себепті, бұл маңызды өлшемшарт, ол бойынша банкті таңдауға болады. Мыналарға назар аударған жөн:

– жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ – бұл Сіздің жылдық көрсеткіш бойынша артық төлеген сомаңыз), ол төмен болған сайын, жақсы болады;

– кредиттеу мерзімі. Артық төлеу сомасы осыған байланысты;

– өтеу әдісі. Аннуитетті немесе сараланған. Аннуитетті әдіс барынша танымал болып табылады, оны банктер барынша пайдаланады. Алайда, сіз өзіңізге барынша ыңғайлы және тиімді өтеу әдісін талап ете аласыз;

– кез келген кезеңде айыппұлсыз және артық төлеусіз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі. Демек, кез келген сәтте ресімделген кредитті жабу мүмкіндігі болуға тиіс. Бұл ретте банкке сіз кредитті нақты пайдаланған уақыт үшін ғана артығымен төлейсіз.

Кредитті емес, бөліп төлеуді пайдаланыңыз. Әдетте, тауарлар кредитке қарағанда барынша қысқа мерзімге бөліп төлеуге беріледі. Бөліп төлеудің бір даусыз артықшылығы бар – іс жүзінде артық төлемейсіз.

Қалай болса да тұтынушылық кредиттері сіздің қаржылық әл-ауқатыңызды жақсартпайтынын түсіну қажет. Егер сіз кезекті түрде тұтынушылық кредит алу үшін банктердің көмегін жиі қолданатын болсаңыз, онда өзіңіздің қаржылық жағдайыңыз туралы ойланғаныңыз жөн.

 

Сондай-ақ оқыңыз