Қазақтардың көзіне күйік болған Борат та Оскар сыйлығының номинанты. Оскарды табыстау рәсімі оффлайн тәртібінде өтеді

Жарияланды
Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады

25 сәуірге жоспарланған және 93-ші рет өткізілетін 2021 жылғы «Оскар» сыйлығы оффлайн режимінде жеке түрде өтеді. Hollywood Reporter бұл туралы салтанатты ұйымдастырушылардың номинанттарға жолдаған ашық хатына сілтеме жасап жазды.

Іс-шараға жауапты адамдар қатысушылар үшін қауіпсіз форматты қамтамасыз етеді. COVID-19 экспресс-ПТР жүйесі  орнатылады. Салтанатты шараның қонақтары қай жерде болатынына байланысты нұсқаулықтарды орындауы қажет.

Салтанатты ұйымдастырушылар Zoom арқылы қатысу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өтті.

Биылғы номинанттардың арасында Үздік фильмдерден «Әке», «Иуда мен қара мессия»,
«Манк»,«Минари»,«Көшпенділер елі», «Болашақ қыз», «Металдың дыбысы», «Чикагодағы жеті сот». 

 Ал, ең жақсы бейімделген сценарий номинациясы бойынша қазақтардың көзіне күйік болған  Борат бірінші орында тұр. 

«Борат 2»
«Әке»
«Көшпенділер елі»
«Майамидегі бір түн»
«Ақ жолбарыс»

Сондай-ақ оқыңыз