АҚШ-та «Вакцина салдыр да, күнде тегін бәліш ал» атты науқан басталды

Жарияланды
Екпе салдырған әр тұрғын 2022 жылға дейін тегін бәліш жей алады

 АҚШ-тың Бербанк қаласындағы компания «Вакцина салдыр да, күнде тегін бәліш ал» атты науқан бастады. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

Індетке қарсы екпе қабылдаған кез келген тұрғын қазірден бастан 2022 жылға дейін тегін бәліш жей алады. Дәмханаға келіп, вакцина салдырғанын айғақтайтын куәлікті көрсетсе болғаны.

 Компания  2020 жылы індет өршіп тұрған кезеңде 30 миллионнан астам бәлішті тегін таратқан.

 «Вакциналаудың өзі игілік қой. Ауырмай, аман-есен жүргенің де үлкен олжа. Тегін бәліш алу – арқаға қаққанмен бірдей қолдау-қошемет. Дейв Скена, компания өкілі: – Бізге алаңдамай-ақ қойыңыздар. Біз қолдан келгенше көбірек бәліш жасай береміз. Неғұрлым көп таратсақ, соғұрлым риза боламыз. Себебі өмірді қалыпқа келтіруге үлес қосамыз»,- деді тұтынушы Стив Хайнс.

 

Сондай-ақ оқыңыз