Ұлыбритания босқындарды қабылдау ережелерін өзгертеді

Жарияланды
Елге заңсыз кіруге көмектескендерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Ұлыбритания үкіметі елге баспана беру ережелерін өзгертетін «Жаңа иммиграция жоспарын» ұсынуға дайындалып жатыр. Онда шекарадан заңсыз өткендерге құқықтық мәртебе алуға шектеу, сондай-ақ елге заңсыз кіруге көмектескендерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Ішкі істер министрі Прити Пател жаңа жүйе әділ болады және қылмыспен күресуге көмектеседі деп санайды.

Соңғы бір жыл ішінде 35 мың адам Ұлыбританиядан баспана сұраған. Олардың көпшілігі Иран, Албания және Ирак азаматтары болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз