Жаңалықтар

Армения мемлекетке опасыздық пен тыңшылық үшін жазаны күшейтеді

Құжат Президентке қол қоюға жіберілді

Арменияның Ұлттық жиналысы [парламенті] мемлекетке опасыздық пен тыңшылық үшін жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған адамдарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады [бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін] және мүлкін тәркілеу. Тыңшылық үшін жаза – 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған (бұрын 8 жылдан 15 жылға дейін).

Заң жобасын «Гүлденген Армения» оппозициялық фракциясы дайындады.

Құжат Президентке қол қоюға жіберілді