Германияда тағы да ауырғандар санының күрт өсуі байқалуда – өткен тәулікте 22,6 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Вакцинация орталықтарында күніне орта есеппен 280 мың адам екпе қабылдайды, бірақ әлдеқайда көп егу жұмыстарын жасауға вакцинаның жетіспеушілігі орын алып отыр.
Ал Франция билігі айыппұл салу арқылы алты адамнан тұратын жиналыстармен күресуге ниетті. Елде үлкен топтарға тіпті ашық ауада да жиналуға болмайды. Бұл ереже тек жерлеу рәсіміне немесе жұмыс жиналыстарына қолданылмайды.