Үндістанда ерекше қос мутацияға ұшыраған коронавирус анықталды
Үндістан билігі ел тұрғындарынан алынған сынақтарды тексеру кезінде ерекше қос мутациямен коронавирус анықталғанын айтты. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Қазірдің өзінде бүкіл әлемде жүз мыңдаған вирустық геномдар талданды.
Қазір мамандар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін, сонымен қатар вакциналарға төзімділігін тексеріп жатыр.
18 штатта жүргізілген 11 мыңға жуық анализді зерттей келе, сарапшылар олардың 771-інде бұрыннан вариацияланған ғалымдарға белгілі вирустар жұқтырылғанын анықтады: 736 сынамада британдық деп аталатын, 34 – оңтүстік африкалық және бір бразилиялық.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, көптеген штамдардың болуы аурудың жаңа өршуіне тікелей байланысты емес.
Үндістанда бір тәулікте 47 262 жаңа коронавирустық жағдай тіркеліп, 275 адам қайтыс болды, бұл биылғы жылдың ең жоғары көрсеткіші.
Әлемдегі коронавирус: Ұлыбританияда ашылған жаңа мутация
Коронавирустың «британдық» штаммының ерекшеліктері: күшті жөтел және тез шаршағыштық, сирек – иістің жоғалуы
Коронавирустың жаңа түрі: біз бұл туралы не білеміз?
Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында 10 жетекші ұлттық зертханаларды қамтитын үнділік SARS-CoV-2 геномика консорциумы (INSACOG) ең соңғы вирус үлгілерінің гендік тізбегін жасады.
Нәтижесінде, батыстың Махараштра штатында жиналған үлгілердің кішкене бөлігінде мутациялар үлесінің былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда жоғарылағаны байқалды.
Вирустар жиі мутацияға ұшырайды, бірақ олар вируленттіліктің жоғарылауына немесе аурудың нашарлауына әкелмейді.