Жапонияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды

Жарияланды
Эстафета арал штатының барлық 47 префектураларында өтеді және 121 күнге созылады

Олимпиада алауының эстафетасы Жапонияның Фукусима префектурасында басталды, деп хабарлады Анадолу сайты CentralAsia сілтеме жасап.

Эстафетаның алғашқы қатысушысы Жапония ұлттық құрамасында 2006-2016 жылдар аралығында ойнаған футболшы Азуса Ивасимизу болды.

Эстафета арал штатының барлық 47 префектурасында өтеді және 121 күнге – 23 шілдеде Олимпиада ашылғанға дейін созылады.

Жабылу салтанаты 8 тамызға жоспарланған.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ол бір жылға шегерілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз