Түркияда күніне COVID-19 індетінің ең көп саны – 37 303 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Наурыз айының басында Түркияда жұқпалы қауіпсіздік ережелері әлсіреді, бұл аурудың өсуіне әкелді. 29 наурызда Үкімет шектеулерді тағы да күшейтті.
Ал Бразилияда коронавирустық инфекцияның кесірінен туындаған өлім-жітім жағдайының тағы бір антирекорды тіркелді. Өткен тәулікте елде COVID-19 диагнозы расталған 3780 науқас қайтыс болған.
Франция Президенті Эмануэль Макрон халыққа үндеу жолдамақ. Алдын ала белгілі болғандай, ел Президенті жаңа шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отырған көрінеді, бірақ оның ұлттық немесе аймақтық сипатта болатыны әзірше белгісіз. Бүгінгі таңда ел аумағында бес мың пациент реанимациялық бөлімде жатқаны белгілі болды – бұл елдегі КВИ-нің екінші толқыны кезіндегі тіркелген шыңынан әлдеқайда көп болып отыр.