Зейнетақы қоры өз салымшыларына 704 миллиард теңге төледі

Жарияланды
1 наурызына қарай БЖЗҚ 385 500 алушыға төлем жасады

2021 жылдың 1 наурызына қарай БЖЗҚ 385 500 алушыға төлем жасады. Жалпы 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 704 млрд теңгеден астам аударымдар жүзеге асырылды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде:

• біржолғы зейнетақы төлемдері – 649,9 млрд теңге;
• сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,3 млрд теңге;
• зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер – 15,9 млрд теңге;
• мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,3 млрд теңге;
• ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 4,5 млрд. теңге;
• жерлеуге берілетін төлемдер – 0,9 млрд теңге;
• мүгедектік бойынша төлемдер – 0,4 млрд теңге. 

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 28 322 теңгені, ал ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 522 610 теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз