Жаңалықтар

АҚШ –та 100 миллионнан астам адам індетке қарсы екпе алды

⠀Францияда бір ай мерзімге жалпыұлттық локдаун енгізіледі

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ел тұрғындарын алдағы бірнеше апта бойы қатаң шектеу шараларына дайын болуға шақырды. Сонымен қатар,  халықты вакцинация науқанына белсене қатысуға шақырды.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ халқының үштен бірі – 100 миллионнан астам адам, індетке қарсы екпенің кем дегенде алғашқы дозасын қабылдаған. Шамамен 58 миллион адам екпенің екі дозасымен егілген. АҚШ-та күн сайын шамамен 3 миллион адамға вирусқа қарсы инъекция жасалады.

Бразилияда бір тәулік ішінде covid-19-дан 2 922 адам қайтыс болған. Елде індетті жұқтырғандардың жалпы саны 70 238 адамға артқан. Эпидемия басталғаннан бері елде SARS-CoV-2 вирусын жұқтырғандардың саны 13 миллионға жуықтаған және 325 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Францияда бір ай мерзімге жалпыұлттық локдаун енгізілмек. Барлық 96 Департаментте сағат 19.00-ден бастап коменданттық сағат енгізіледі және тұрғылықты жерінен 10 шақырымнан астам қашықтыққа шығуға тыйым салынады.  Жұмыс істейтін тұрғындарына қашықтан жұмыс жасау режіміне ауысу ұсынылды. 5 сәуірден бастап мектептер мен балабақшалар кем дегенде үш аптаға жабылады. Студенттер аптасына бір рет дәрістерге қатыса алады.

Бельгияда полиция эпидемияға қарсы шектеу шараларын бұзушыларды көзден жас ағызатын газ және су шашу арқылы таратты. Коронавирустық пандемияға байланысты елде көшеде төрт адамнан артық жиналуға тыйым салынған.