Жаңалықтар

Индонезияда су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тапты

Табиғи апаттың салдарынан жүздеген үй бүлінді

Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара провинциясындағы су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тауып, тағы 9 адам жарақат алды.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Су тасқыны Флорес қаласының шығысындағы нөсер жаңбырдан туындады, деп хабарлады Индонезияның апаттарды басқару ұлттық орталығы (BNPD).

Табиғи апаттың салдарынан жүздеген үй бүлінді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Билік Аче, Суматра және Орталық Ява провинцияларында, сондай-ақ астана Джакарта мен Джокьякартада қатты жаңбыр жауады деп ескертті.